"Бас тартты". Биволдың әкесі Головкин жайлы қызық естелігімен бөлісті
Дмитрий Биволдың әкесі Геннадий Головкиннің жас күнінде болған қызық естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Сонымен қатар, ол Головкиннің "Канелоға" қарсы қолданған бокс стиліне таң қалды.
Дмитрий Биволдың әкесі Геннадий Головкиннің жас күнінде болған қызық естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Сонымен қатар, ол Головкиннің "Канелоға" қарсы қолданған бокс стиліне таң қалды.
"Канело" туралы алғаш рет Мейвезер және Головкинмен шығып жүргенінде ести бастадым. Жалпы мексикалықты небәрі 15 жасында кәсіпқой боксқа ауысып, көп жекпе-жек өткізгеніне таң қалдым. Кейін карьреасындағы алғашқы қарсыластарын қарап шыққан соң қандай екеніне көзім жетті. Шынымды айтсам, Головкиннің "Канелоға" қарсы не себепті ондай стильде жұдырықтасқанын білмеймін. Мен Генаны бала күнінен танимын. Ол Тоқмақтағы жарысқа келген. Головкин жасөспірімдер арасында жұдырықтасса, Дима бокстағы алғашқы қадамдарын 1998 жылдары жасай бастаған еді. Бір қызық жағдай болды. Гена жекпе-жегінде дұрыс айқаса алмай, төрешілер жеңісті біздің балаға берген. Сол кезде ол көңілі түсіп кеткен еді. Біздің бапкер баланың бетін қақпау үшін Гена жеңіліп қалса да медаль берген болатын. Алайда GGG медальдан бас тартты", - дейді әкесі Матч-ТВ арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Дмитрий Бивол соңғы кездесуін Сауль Альвареске қарсы өткізіп, күтпеген жерден жеңіске жетті.
Жарнама