Бас бапкер Бибосыновты құрамаға неге қоспағанын түсіндірді
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов ұлттық команданың алдағы жаттығу жиыны мен жарысқа дайындығы туралы айтып берді.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов ұлттық команданың алдағы жаттығу жиыны мен жарысқа дайындығы туралы айтып берді.
- Испанияда өткізетін оқу-жаттығу жиынымыз бар. Онда негізінен құрамадағы 3-4 нөмірдегі боксшыларды апарамыз, олардың мүмкіндіктерін тексеріп көру үшін. Содан кейін Болгариядағы Странджа кубогіне қатысамыз да, одан кейін тағы бір жиын жоспарлап отырмыз. Болгариядан кейін Ресейде қосымша жаттығу жиынынан кейін құраға кім кіретінін анықтаймыз, - деп береді бапкердің сөзін Sport+.
- Сәкен Бибосыновтың ұлттық құрамадағы болашағы қандай?
- Сәкен Азия чемпионаты алдында арқасынан жарақат алып қалды, сондықтан алдағы жаттығу жиынына қатыспайды.
Бұған дейін бас бапкер Қамшыбек Қонқабаевтың бокстан кеткенін айтқан болатын.
Жарнама