Суперорта салмақта WBC, WBA және WBO чемпионы Сауль "Канело" Альварес (62-2-2, 39 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
34 жастағы "Канело" бокста барлық биіктерге жеттім деп есептейді, сондықтан алдағы 2-3 жылда карьерасын аяқтамақ.
"Бокста мен бәріне жеттім. Бәрімен айқастым. Ең мықтылармен жұдырықтастым. Түрлі салмақта көптеген титулдар жеңіп алдым. Мен pound-for-pound патшасы болдым, жыл боксшысы атандым - бір сөзбен барлық атақты иелендім. Ал ақша туралы айтсақ, ол ешқашан жеткен емес. Бірақ мәселе ақшада ғана емес қой".
Биіктің бәрін бағындырған Альварес өзін бокста не ұстап тұрғанын айтты.
"Мен әлі де бокстан ләзәт аламын. Міне не үшін осындамын. Адамға ақша ешқашан жеткен емес, бірақ, мен белгілі бір соммаға жету керек, сосын зейнетке кетемін деп ойлаған емеспін. Мен өз ісімді жасай беремін, кейін 37-38 жаста қолғапты іліп қоятын уақыт келеді".
Еске салайық, 3 мамырда Альварес екінші орта дивизионда IBF титулына ие кубалық Вильям Скуллмен (23-0, 9 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған. Жеңіске жеткен жағдайда мексикалық тағы да абсолют чемпион атанады.
Жарнама