"Бәрін қолданамын...". Альварес ызаға толы мәлімдеме жасады

Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) 17 қыркүйек Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) қарсы қалай дайындалып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.
Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) 17 қыркүйек Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) қарсы қалай дайындалып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Маған ұнайды. Бұл екі пойыздың соғылғанындай болады. Кім мықты екенін көреміз", - дейді мексикалық.
Үшінші айқаста мексикалық боксшы ештеңені тыс қалдырмай, тіпті Головкиннің Жапониядағы жекпе-жегін де ескеретінін айтады.
"Бәрін қолданамын. Ол туралы не білетінімнің бәрін. Мен шынымен ашулымын. Екінші айқастың алдындағыдан да ызалымын. Жыртқыш сияқты жаттығып жатырмын. Әдеттегіден де артық", - деп түйіндеді Сауль.
Жарнама