Бокс
9 қаңтар 2018 15:17
 
"Барлығын жеңдім деу үшін абсолют чемпион болу керек". Холифилд Мейвезерді сынға алды

  Пікірлер

blog.share

"Барлығын жеңдім деу үшін абсолют чемпион болу керек". Холифилд Мейвезерді сынға алды © rabstol.net

Алғашқы және аса ауыр салмақта абсолют чемпион болған Эвандер Холифилд P4P рейтингінің көшбасшысы Флойд Мейвзерді кей ұйымдардың белбеулерін біріктірмеген үшін сынға алды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Ол мықты боксшы деп ойлаймын. Бірақ бәрін сабадым деу үшін абсолют чемпион болу керек. Барлық белбеуді бір уақытта қолыңа жиып: "Чемпиондық белбеуі болған адамдардың бәрін жеңдім, мен абсолют чемпионмын" дей алу қажет. Менде WBC ұйымының ана белбеуі, сосын WBC тұжырымы бойынша тағы мына белбеу және WBC берген мына белбеу бар дей алмайсыз. Сөзсіз чемпионмын деу үшін өзге де белбеулеріңіз болу міндет.

Бұл Флойдқа жетпейтін жалғыз-ақ нәрсе, өйткені ол ешқашан әлемнің абсолют чемпионы болған жоқ", - дейді Холифилд.

Еске салайық, кәсіпқой рингте Мейвезер 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал 27 кездесу нокаутпен аяқталған. Ол бес салмақ дәрежесінде чемпион болған еді.

Жарнама

Живи спортом!