Өзбекстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті сайтында қазақстандық Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық Хасанбой Дусматовтың арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы жазылған, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар Ресейдің Хабаровск қаласында сәуірдің 14 мен 20 аралығы өтетін Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысады.
Бұл жарыста 54 келде өте қызық жағдай қалыптасып тұр
"Хабаровскте (Ресей) бүгін бокстан халықаралық турнир басталады. Жеребе тарту өтті және 54 келіде өте қызықты жағдай қалыптасты.
Хасанбой Дусматов бірінші айқасында тәжікстандық Хасан Салоходдиновпен кездеседі. "Профессор" жеңіске жетсе, оның келесі қарсыласы туған інісі Фарезбек Дусматов болады. Ал бұл кездесуде жеңгені жартылай финалда қазақстандық Сәкен Бибосыновпен жұдырықтасады", - делінеген жазбада.
Еске салайық, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Бибосынов пен Дусматов 1/4 финалда 51 келіге дейінгі салмақта кездескен еді.
Жарнама