2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) трилогияда отандасы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жеңіске жетеді деген сенімде, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Геннадий Головкин өте ауыр айқас өткізгелі тұр, бірақ, мен оның жеңісіне сенемін. Оған себеп Геннадийдің шеберлігі мен жекпе-жекке дайындығы жақсы. Сонымен қоса, бұл айқаста Головкиннің жеңісі кәсіпқой бокс қауымдастығы үшін бизнес тұрғысынан ұтымды. Төртінші айқас ұйымдастырса, одан боксшыларға ғана емес, айналасында қатысы барлардың бәрінің қалтасына қомақты қаржы түседі", - деп береді Сәпиевтің сөзін arbat.media.