"Бәрі қашып жүрген...". Маклин Головкиннің бір соққымен екі қабырғасын сындырғанын есіне алды
Британиялық боксшы Мэттью Маклин орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жегін еске түсірді.
Британиялық боксшы Мэттью Маклин орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жегін еске түсірді.
Боксшылар 2013 жылы АҚШ-та жұдырықтасып, кездесу үшінші раундта Головкиннің жеңісімен аяқталды. Британиялық денеге жасалған ауыр соққыдан құлап, ұзаққа дейін көтеріле алмады. Айқастан соң Маклин GGG сол бір соққымен екі қабырғасын сындырғанын мойындады.
"Бұл тамаша соққы болды... Ұлы боксшы... Шынымен солай... Мен ол биіктей беретінін білгенмін", - деп жазыпты Маклин твиттер желісінде Дэн Рафаэль жариялаған видеоға.
"Сегіз жыл бұрын мен рингсайдта болдым, Головкин денеден соққымен сенсациялық нокаут жасап, титулын қорғап қалғанда. Айып етпе, Мэтт", - деп жазба қалдырыпты журналист.
Ал Маклинді отандасы Энтони Фаулер қолдады: "Мұнда ұят ештеңе жоқ, өйткені сен рингке оның өзіне (GGG) қарсы тұрдың".
Оған Маклин былай жауап берді: "Дәл солай... өзгелердің бәрі одан қашып жүргенде!".
Жарнама