Бокс
14 қазан 10:36

Бапкер Шымбергенов, Қонқабаев пен Нұрбек Оралбайды неге құрамаға "алмағанын" айтты

©

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Шымкентте өткен турнирді қорытындылады және бірнеше боксшыға жеке тоқтала кетті. 

Шымкентте Қарақозы Абалдиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Ол жарысқа Асыланбек Шымбергенов, Нұрбека Оралбай мен Қамшыбек Қонқабаев қатыспады.

"Өткен турнирде біздің боксшылар жақсы өнер көрсетті. Тіпті өте жақсы деуге болады. Жарыс жақсы өтті. Ұлттық құрама боксшыларының барлығы қатысты. Тек үш спортшыны ғана босаттық. Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев

Оған себеп – жарақаттар. Алған жарақатынан емделу үшін ұзақ уақыт қажет болды. Мәселен, Нұрбек мұрнына ота жасауы қажет. Ол әлі біраз уақыт шаршы алаңға шықпайды деп ойлаймын. Десе де жиындарға қатысады. Спаррингке әзірге шығармаймыз. Барынша мұқият болып, абайлауы керек болады. Қамшыбектің омыртқасында жарық бар. Асланбек те ем алып жатыр. Сондықтан біз оларға жиындар мен алдағы сайыстарға қатыспауға рұқсат бердік", - деді маман. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport