Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Дамир Буданбеков өзбекстандық боксшылар кейінгі жылдары неге қазақстандық боксшылардан асып түскенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен бас команданы 1993-1996 пен 2004-2010 жылдар аралығы басқардым. Мен үнемі Бокс федерациясы мен барлық бапкерлер арасында байланыс орнатуға тырыстым, балалардікінен бастап ұлттық құрама жаттықтырушыларына дейін. Маған жігіттерді жаттықтыруға көмекшілер ғана емес, әр боксшының жеке бапкері де жәрдемдесетін. Міне осыдан нәтиже болды!
Кейінгі жылдары өзбектер осындай әдісті қолдана бастады. Осыдан халықаралық жарыстарда жақсырақ өнер көрсетуде. Мұның бәрі жүйелі жұмыс арқасы. Қазақстандық бокстың әлемде әлі де позициясы мықты деп ойлаймын. Бірақ жеңісте де, жеңіліс те де, бір жұдырық болып жұмылу керек, кінәлі болатын біреуді іздей бермей", - дейді Бауданбеков "Дядя Ваня" телеграм арнасына берген сұхбатында.