Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бапкері Джонатан Бэнкс мекскалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жекте қазақстандықтың жасы қалай әсер ететіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".
Биыл Головкин 40 жасқа келді.
"Оның жасы тек журналистерді алаңдатып жүр. Оның қарсыластары да бұған алаңдамайды деп ойлаймын. Маған қатысты айтсақ... маған бәрібір. Мен бірдеңе байқағанда ғана алаңдай бастаймын.
Қазіргі таңда оның ынтасы мол және қойылған мақсатқа жету үшін барын салуда. Оның қартайғаны туралы сөз қозғауға себеб жоқ", - дейді маман.