Бапкер Головкин жетістігінің құпиясын ашты
Орта салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бапкері Джонатан Бэнкс отандасымыздың жетістігінің құпиясы неде екенін айтты. Бұл туралы Boxingscene.com порталы жазды.
Орта салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бапкері Джонатан Бэнкс отандасымыздың жетістігінің құпиясы неде екенін айтты. Бұл туралы Boxingscene.com порталы жазды.
9 сәуір күні Головкин Сайтама (Жапония) қаласында WBA ұйымының "суперчемпионы" Риото Муратаға (41-1-1, 36 КО) қарсы кездесу өткізеді. Бүгінде Головкин Жапонияда осы кездесуге дайындығын қорытындылап жатыр.
"Бұл біздің төртінші жекпе-жегіміз болады. Бірігіп жұмыс істеп біз Головкинге көптеген жаңа элементтерді қостық. Осы дүниелердің арқасында ол әуесқой бокста көп табысқа жеткен еді. Таймингті, қарқынды және жылдамдықты ретке келтірдік. Кәсіпқой бокста жоғары деңгейді ұстап тұру үшін үнемі дамып отыру керек. Головкиннің артықшылы - тек ауыр соққы ғана емес. Мен Головкиннің әуесқой бокстағы ерекшеліктерін де жақсы білемін. Эмануэль Стюард екеуміз оны біраз зерттедік. Ол жан-жақты боксшы.
GGG жуырда 40 жасқа толады. Соған қарамастан ол әлі жаттығу залына жас баладай келеді. Ол шынымен өзінің істеген жұмысынан ләззат алады. Геннадий - нағыз спортшы", - деді Бенкс.
Еске салайық, Бэнкс Головкинді 2019 жылдың мамырынан бері жаттықтырып келеді. Оған дейін қазақстандық боксшы Абель Санчеспен жұмыс істеген еді.
Жарнама