Бокс
14 қыркүйек 2018 09:50
 
"Бақылау жұмысы". Санчес неліктен Головкиннің жеңісіне сенімді екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Бақылау жұмысы". Санчес неліктен Головкиннің жеңісіне сенімді екенін айтты Геннадий Головкин. Cурет: Vesti.kz.Тұрар Қазанғапов©

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымтада үлкен қиындықтарға тап болмайтынына сенімділік білдірді.

"Мектепте бақылау жұмысын тапсырар алдында, қойылған сұрақтарға жауап табасыздар. "Канеломен" қарымта Головкин үшін сондай бір тест сияқты. Геннадий алғашқы жекпе-жекте жеңген. Оны бәрі біледі. Ал оның өзі "Канелоның" қолынан не келетінін біледі. Енді біз жоспарлап қойғанымызбен алғашқы жекпе-жекте көрсете алмай қалғанымызды іске асырамыз. Геннадий өте жинақы. Ол болып жатқан жағдайға қуанышты. Бұл рематчте бәрі тамаша", - дейді Санчес. 

Еске салайық, Головкин мен Альварестің қарымтасы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Астана уақытымен жекпе-жек 16 қыркүйек таңғысын басталады. 

Жарнама

Живи спортом!