Бокс
Бүгін 08:59
 

Баходир Джалолов өзіне үлгі болған Қазақстан тумасын атады

  Пікірлер

blog.share

Баходир Джалолов өзіне үлгі болған Қазақстан тумасын атады ©

Екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов бокспен алғаш айналыса бастағанда кімді үлгі тұтқанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов бокспен алғаш айналыса бастағанда кімді үлгі тұтқанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"14 жасымда Владимир Кличконы үлгі тұтатынмын, бокспен де сол кезде шұғылдана бастадым. Ол көп соққы өткізбейтін, өте мықты чемпион болатын. Маған оның рингтегі стилі қатты ұнайтын", – дейді Жалолов Sport.ua сайтына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Баходир биыл үш немесе төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Айта кетейік, Жалолов соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, украиналық Игорь Шевадзутскийді төрешілердің ортақ шешімімен жеңген еді.

Еске салайық, Владимир Кличко – Семей қаласының тумасы. Ол тоғыз жасында отбасымен бірге Украинаға қоныс аударған. Спорттық мансабында ол аса ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!