Олимпиада және әлем чемпионы өзбекстандық Баходир Джалолов Ташкентте өткен бокс кешіне қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектердің бірінде қазақстандық Берекет Тайыров пен жергілікті Анвар Турапов жұдырықтасты. Жеті раундқа есептелген айқаста Турапов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Джалолов бұл жекпе-жекте отнадасына барынша қолдау білдіруге тырысты, қандай соққы жасау керегін де айтып отырды.