Баходир Джалолов қара күшін көрсетті: Видео
Әуесқоймен қош айтысқан ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) кәсіпқой рингке оралуға дайындалып жатыр.
Әуесқоймен қош айтысқан ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) кәсіпқой рингке оралуға дайындалып жатыр.
Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов Х әлеуметтік желісінде Баходирдің жаттығуынан видео жариялапты. Онда боксшының қара күшті арттыруға бағытталған жаттығуларға көп көңіл бөліп жатқаны байқалады.
Bakhodir Jalolov is preparing for his fight against David Spilmont (16-8-1, 11 KOs) on February 6 in Montreal, Canada. pic.twitter.com/YyRqmdWpFw
— Jalol Akhmedov?? (@JalolAkhmedov) January 7, 2025
Ал бұл видеоға жазылған комментарилерде біраз адам боксшының кәсіпқой рингке дайындығына күмәнін келтірді. Кейбірі Джалолов кәсіпқой боксшының деңгейіне жетіңкіремей тұр деген ойда екен.
Боксшынының келесі жекпе-жегі белгіленіп қойған:
Баходир Джалоловтың келесі жекпе-жегі 6 ақпан Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Қарсылас франциялық Давид Спилмонт (16-8-1, 11 КО). Бұл Баходирдің Париж Олимпиадасынан кейінгі кәсіпқойдағы алғашқы айқасы болады.
Жарнама