Әуесқойда 2019 жылы Азия чемпионы болған қазақстандық Тұрсынбай Құлахметтің (6-1, 4 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.
Тұрсынбай 26 сәуір Англияның Хайтон қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Қазақ боксшының қарсыласы 40 жастағы польшаплық Роберт Таларек (28-24-3, 19 КО). Жекпе-жек орта салмақ лимитінде болады және алты раундқа есептелген.
Тұрсынбай 2023 жылдың желтоқсанынан бері рингке шыққан жоқ. Ол кезде Англияда қазақ боксшы франциялық Фуад Эль-Массудиді (18-22-1, 2 КО) жеңген еді.