Бокс
29 наурыз 2022 11:07

Азия жолбарысы! Головкин ең мықты боксшы қатарында

©boxingscene.com

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Голокинмен (41-1-1, 36 КО) келісімшарты бар DAZN стримингтік сервисі Азияның үздік бес кәсіпқой боксшысының тізімін жасады.

Головкин Альваресті жеңе алмаса не болатынын айтты 

Тізімге Головкиннен бөлек жапониялық Наоя Иноуэ (22-0, 19 КО) және Кадзуто Иока (28-2, 15 КО), филиппиндік Нонито Донэйр (42-6, 28 КО) және Марк Магсайо (24-0, 16 КО) кірген. 

"Азия құрлығының барлық жұлдыздары", - деп жазды DAZN.

Бір қызығы бұл тізімге орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) кірмей қалған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport