52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
2021 жылы Азия чемпионы атанған Шекербекованың ширек финалда қарсыласы Италия елінің боксшысы Алена Савчук болды. Бұл кездесуді қазақстандық боксшы төрешілердің шешімі бойынша жеңді.
Осылайша, Жайна Шекербекова әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының жартылай финалына 48 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Алуа Балқыбекова да шыққан еді.
Айта кетейіік, Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері 18 мамырға жоспарланған. Ал финалдық жекпе-жектер 19-20 мамырда болады.