Бокс
25 мамыр 2021 09:50
 

Азия чемпионатында қазақ боксшы екінші айналымға жекпе-жексіз өтті

  Пікірлер

blog.share

Азия чемпионатында қазақ боксшы екінші айналымға жекпе-жексіз өтті Сурет: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Дубайдағы Азия чемпионатында екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Дубайдағы Азия чемпионатында екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтағы бірінші айқасында Әбілхан кувейттік Саид Альбахранимен жұдырықтасу керек болған. Алайда қарсылас жекпе-жекке шақыпады. 

Еске салайық, Әбілхан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018) және Азия чемпионатының қола жүлдегері (2017). Боксшы Олимпиада лицензиясын жеңіп алған және Қазақстан құрамасымен Токио ойындарына барады.

Мұның алдында Қазақстан командасына алғашқы жеңісті әкелген 64 келі салмақта Закир Сафиуллин болды. Ал оған дейін Махмұд Сабырхан (56 келі) және Серік Теміржанов (60 келі) жеңіліп қалды, дегенмен, олардың жеңілісі даулы болып отыр.

Жарнама

Живи спортом!