"Айырмашылық тым үлкен". "Канело" әлем чемпионымен жұдырықтасу үшін салмақ түсіруге дайын
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес IBF және WBC чемпионы Эррол Спенспен жұдырықтасу үшін бірден бірнеше двивзион түсуге дайын,- деп хабарлайды Boxingnews24.
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес IBF және WBC чемпионы Эррол Спенспен жұдырықтасу үшін бірден бірнеше двивзион түсуге дайын,- деп хабарлайды Boxingnews24.
"Канело" келесі жекпе-жегін екінші орта салмақта - 76,203 келіде өткізеді. Ал Спенс жартылай орта дивизионда - 66,678 келіде өнер көрсетіп жүр.
"Спенс - керемет боксшы. Салмақта айырмашылық тым үлкен, көрерміз. Бұл мүмкіндікті кейін қарастырамыз", - дейді Сауль.
Еске салайық, Альварес келесі жекпе-жегін Каллум Смитпен өткізеді. Бұл кездесу 19 желтоқсан промоутер Эдди Хирннің (Matchroom Boxing) DAZN платформасындағы шоуының аясында болады.
Жарнама