Әйгілі Емельяненко Майк Тайсонның өзімен жекпе-жекке шықпақ

Pride лигасының бұрынғы чемпионы Федор Емельяненко аңызға айналған америкалық Майк Тайсонмен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл туралы ол The MMA Hour подкастында мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"ММА-дан кеттім, енді оралмаймын, сөз бергенмін. Бірақ өзімді бокста сынап көргім келеді.
Рой Джонс пен Майк Тайсонның жекпе-жегін көрдік, YouTube-те видеодан тауып алуға болады, ол әлі де жақсы формада.
28 қазан Сауд Арабиясындағы Тайсон Фьюри мен Фрэнсис Нганну кардында Тайсонмен жұдырықтасу? Маған бұл қызықты, дайындалып үлгеретін едім", - дейді Федор Емельяненко.
Жарнама