Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Турнир Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) президенті Умар Кремлев айтты.
"Үндістанда бокс керемет дамыған. Сондықтан да бұл елде әлем чемпионатын өткізу туралы шешім шығардық", - деді Кремлев.
Айта кетейік, Ыстамбұл қаласында өткен соңғы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бір күміс және төрт қола жүлде жеңіп алған болатын.