Бокс
10 қараша 2022 08:36
 

"Айдостың кінәсі емес". Сарапшы Ербосынұылының мәселесінде нүкте қойды

  Пікірлер

blog.share

"Айдостың кінәсі емес". Сарапшы Ербосынұылының мәселесінде нүкте қойды ©instagram.com/yerbossynuly_aidos

Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелдің (8-0, 7 КО) соққыларынан зардап шегуі бапкерлер кінәсінен болды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Notifight.com шолушысы Людо Саенс осындай пікір білдірді. 

blog.share

Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелдің (8-0, 7 КО) соққыларынан зардап шегуі бапкерлер кінәсінен болды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Notifight.com шолушысы Людо Саенс осындай пікір білдірді. 

"Болашағынан айырды!". Маман Ербосынұлының ауыр халіне кінәліні атады

"Санаттағы айырмашылық, физикалық параметрлер Айдостың пайдасында емес еді. Қазақстандық андердог есебінде болды. Жалғыз басымдығы осы еді. Осыны біле тұра оның командасы жоспар құрмады. Рингте өз орнын жақсы білетін Моррелге қарсы ол ештеңе дайындамағаны көрініп тұрды. Ербосынұлы - нағыз жауынгер. Оның ерік-жігері мықты екен. Ол соңына дейін шыдады. Бір жақты таяқ жегені оның кінәсінен болған жоқ. Бапкер үнемі бақылап отырып, жекпе-жекті қашан тоқтату керегін біледі. Бұл жерде қазақстандықтың бапкері осы сәтті жіберіп алды. Енді маңыздысы денсаулыққа зиян келмеуі. Айдос өзін бір ай, жарты жыл, жыл өте қалай сезінетінін айту қиын. 

Сонымен қоса, төрешілер жұмысына қатысты да айтып өткім келеді. Жекпе-жек бір жақты өтіп жатқанын көре тұра, ал боксшы өзін түсініксіз сезініп тұрса, айқасты тоқтату қажет. Адамның өмірі қымбат", - дейді Саенс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!