Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты тың ақпарат шықты

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 6 қараша күні АҚШ-тың Миннесота қаласында өткен бокс кешінде екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) қолғап түйістіріп, 12-раундта нокаутқа түскен еді.
Жарнама