Бокс
28 қараша 2022 09:52

Айдос Ербосынұлы мәлімдеме жасады

©instagram.com/suleimen_promotions_official/

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы келген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді.

"Осыған ұқсас смс-тер көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа мықты болып ораларым сөзсіз. Алла жазса алар асуымыз әлі алда", - деп жазды Ербосынұлы.

Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта дивизиондағы жекпе-жекте WBA титулы сарапқа салынған еді. 12-раундтағы нокауттан кейін Айдосты шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізді. Оны "миына қан кету" диагнозымен жасанды түрде комаға түсіріп, операция жасаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport