Айдос Ербосынұлы карьерасындағы ең үлкен айқасқа шыға алмайды

Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарына ие қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы мен ресейлік Евгений Шведенко арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.
Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарына ие қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы мен ресейлік Евгений Шведенко арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.
Боксшылар 17 сәуір Германияның Карлсруэ қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасу керек болған. Бұл айқастың жеңімпазы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен титул үшін жекпе-жек өткізетін еді.
"Жекпе-жек болмайды, қарсылас коронавируспен ауырып қалыпты! Немесе қулықпен! Сауығып кет! Қолдау үшін бәріне рахмет!" - деп жазыпты Шведенко Instagram стористе.
Еске салайық, кейінгі рет Айдос желтоқсан айында Алматыда жұдырықтасып, ганалық Исса Самирді нокаутқа түсірген.
Жарнама