Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Софияда өтіп жатқан Странджа кубогі-2025 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Беделіне қарай кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыстың 1/2 финалында 92 келіден аса салмақтағы Айбек британиялық Дамар Томаспен жұдырықтасу керек болған.
Қарсыласы бас тартты және финалда тағы Зокиров болатын сияқтыБірақ британиялық боксшы рингке шыға алмайтын болыпты, осы себепті қазақстандық боксшы финалға жекпе-жексіз өтіп отыр.
Енді алтын үшін шешуші айқаста Айбек Жен Вей Ван (Қытай) - Жахонгир Закиров (Өзбекстан) кездесуінің жеңімпазымен кім мықты екенін анықтайды.
Бұған дейін нокаутпен жеңіс болдыАйта кетейік, бұған дейін 51 келіде Даниял Сәбит әзірбайжандық Ниджат Гусейновті техникалық нокаутпен жеңіп, финалға өтті. Енді ол өзбекстандық Асильбек Джалиловты тас-талқан етіп жеңген түркиялық Самет Гюмушпен финалда алытн үшін айқасады.