Аяғында әзер тұрған. Төрешінің салғырттығынан титулды айқас ауыр нокаутпен бітті
Аустрия астанасы Венада өткен бокс кешінде жергілікті Маркос Надер (25-3-1, 6 KO) германиялық Александр Павловтан (16-3, 12 КО) нокаутпен жеңілді. Бұл айқаста орта салмақтағы IBF International титулы сарапқа салынған еді, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 ранудқа есептелген жекпе-жек оныншысында аяқталды. Надер алдымен нокдауннан құлады. Ол аяғына әзер тұрып, шайқалақтап бұрышына жетті. Мұндай жағдайда төрешілер әдетте кездесуді бірден тоқтатады. Алайда аустриялыққа ары қарай жұдырықтасуға рұқсат берілді. Ал Павлов қарсыласын ұзатпай екінші рет құлатты.
Надердің командасы рингке ақ орамал лақтырды, алайда нокаутқа дейін үлгере алмай қалды.
?? Alexander Pavlov (16-3, 12 KO's) scores a knockdown in the 10th and then brutally stops ?? Marcos Nader (25-3-1) on poorly decided restart to take a TKO-10 win & the IBF International middleweight title in the main event from Vienna, Austria ?? pic.twitter.com/RF311QXLrk
— Tim Boxeo (@TimBoxeo) April 1, 2023
Жарнама