Ауырғаннан ақырып жіберді. Өзбекстандағы қазақ боксшы қарсыласын бір соққымен жеңді

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Руслан Абдуллаев кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Руслан Абдуллаев кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
АҚШ-тың Калифорния штаты, Индио қаласында Golden Boy мен DAZN өткізген бокс кешінде оынң қарсыласы мексикалық Валензуела Альвара болды.
Жылдам нокаут
Бірінші жартылай орта салмақ лимитіндегі төрт раундқа есептелген айқас екіншісінде аяқталды. Абдуллаев қарсыласын бір соққымен отырғызып тастады.
That body shot was NASTY! ?
— Golden Boy (@GoldenBoyBoxing) March 7, 2025
Ruslan Abdullaev gets a second-round KO in his professional debut! ??? pic.twitter.com/CQlgBMcW5P
22 жастағы Абдуллаев әуесқойда 63,5 келіде өнер көрсетеді. Ол 2022 жылы Азияның, ал 2023 жылы әлем чемпионы болған.
2019-2020 жылдары Абдуллаев Қазақстан атынан өнер көрсетуге тырысады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы атынан Қазақстанның жастар чемпионатына қатысады. Турнирде Руслан жартылай финалға дейін ғана жетіп, Сабыржан Аққалықовтан жеңіледі.
Кейін Қазақстанда COVID-19 панедмиясы басталып кетіп, турнирлер уақытша тоқтатылады. Абдуллаев өзі де коронавируске шалдығып, кейін қайта басталған жарыстарға қатыса алмай қалады. Ақыры ол Өзбекстанға қайта оралады.
Жарнама