Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Азия чемпионатының финалына өткен болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дубайда өтіп жатқан жарыстың 1/2 кезеңінде 91 келіде өнер көрсететін Қамшыбек ирандық Пуриа Амириді таза жеңді (5:0). Ал бірінші және екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді, бұған AIBA ұйымының өкілдері де тамсанды.
"Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын екі ауыр соққымен есеңгіретті", - делінген ұйымның Instagram желісінде.
Айта кетейік, финалда қазақ боксшының қарсыласы 2019 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Баходир Джалолов болады. Боксшылар осымен алты рет кездескен, әзірге өзара есеп 3-3.