"Ауыр соққымен есеңгіретті". AIBA қазақ боксшы қарсыласын нокдаунға қалай түсіргеніне тамсанды
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Азия чемпионатының финалына өткен болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Азия чемпионатының финалына өткен болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дубайда өтіп жатқан жарыстың 1/2 кезеңінде 91 келіде өнер көрсететін Қамшыбек ирандық Пуриа Амириді таза жеңді (5:0). Ал бірінші және екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді, бұған AIBA ұйымының өкілдері де тамсанды.
"Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласын екі ауыр соққымен есеңгіретті", - делінген ұйымның Instagram желісінде.
Айта кетейік, финалда қазақ боксшының қарсыласы 2019 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Баходир Джалолов болады. Боксшылар осымен алты рет кездескен, әзірге өзара есеп 3-3.
Жарнама