Ауыр салмақтағы нокаутшы қарсыласын екі минутқа жеткізбеді
Аустралияның Мельбурн қаласында өткен бокс кешінің басты айқасында ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы, жаңа зеландиялық Джозеф Паркер (32-3, 22 КО) жергілікті боксшы Фаиго Опелуді (15-4-2, 11 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты vRINGe.com порталына сілтеме жасап.

Паркер бірінші раундта-ақ қарсыласының шабулынан сытылады да, оның өзін соққы астына алады. Опелу дәл соққылардан есеңгіреп құлап, қайта тұрғанда шайқалақтап қалады. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатады.
Бірінші раунд қорытындысы бойынша, Паркер техникалық нокаутпен жеңіске жетті (ТКО 1).
Parker only needed 1 minute and 29 seconds to beat Opelu
— Damion Maher (@Damion23) May 24, 2023
Ref stops another fight.. starting to think they need to have everyone out of the area by 10 pm#ParkerOpelu pic.twitter.com/f1MiF5WA6B
Жарнама