Германиялық спорт сарапшысы Лейф Хейнсмен Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында 35 жастағы қазақстандық кәсіпқой Жан Кособуцкийдің (19-1, 18 КО) нигериялық Эфе Аджагбамен (18-1-1, 13 КО) жекпе-жектегі дисквалификациядан кейін рингке оралуына қатысты пікір бідірді.
27 тамыз Талсада өткен айқаста бірнеше тыйым салынған соққы үшін қазақстандық боксшыны жекпе-жектен шеттеді. Осылайша, Жанның АҚШ-тағы дебюті сәтсіз болды. Ол карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC Silver белбеуінен айырылып қалды.
"Бұл психологиялық тұрғыда ауыр соққы. Ол өзінің мүмкіндігін жіберіп алды. Бокста ондай лас жағдайлар болып тұрады. Ал Жан Кособуцкийдің аты енді дисвкалификация ұғымымен қосарланып жүреді. Оның салдары бар. Матчмейкерлерге ондаймен жұмыс істеу қиын. Ол рингке қайта оралғанда дұрыс қорытынды жасау керек. Оның жасы чемпиондыққа таласу мүмкіндігін азайтып отыр, бірақ ақысы жақсы үлкен жекпе-жектер өткізуге болады. Ол өзін толық көрсете алмай қалғаны өкінішті. Жан өте талантты боксшы", - дейді Хейнсмен.