Ауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко (11-0, 11 КО) осы дивизионда WBA Super, IBF және WBO чемпионы Александр Усик (19-0, 13 KO) пен британиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) арасындағы айқасқа болжамын айтты.
"Бұл жекпе-жекке болжам жасау қиын. Усик Джошуадан мықты, бірақ, кейінгі уақытта оған оңай тиген жоқ. Міне сондықтан Джошуада мүмкіндік бар деген ойдамын", - дейді Дычко Boxingnews.co басылымына берген сұхбатында.