Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қытай "қазағымен" жұдырықтасады

Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Балоеватің (13-2-1, 8 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.
Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Балоеватің (13-2-1, 8 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.
31 жастағы Балоев 28 ақпан Астанада өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласы қытайлық Вусхати Нюрланг (16-3-2, 13 КО) болады (бір қызығы қытайлық боксшының бет-әлпеті қазаққа ұқсайды, есімі де өзгертіле айтылып тұрғаны анық - Есхат Нұрлан болса керек). Бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген.
Балоев кейінгі рет 24 шілде Мәскеуде жұдырықтасып, ресейлік боксшы Виталий Кудуховтан (7-2, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңілген еді.
Ал 28 жастағы қытайлық боксшы 16 қараша Таиландта конголық дебютант Мби Жозе Бальдоничені (0-1) үшінші раундта нокатуқа түсірген болатын. Ертеректе Есхатта екінші орта салмақта WBC Far East және жартылай ауыр дивизионда WBO Oriental титулдары болған.
Жарнама