Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ләззәт Күнгейбаев әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болған Күнгейбаева Ыстамбұлда бірінші айналымда түркиялық Шеннур Демирмен кездесіп, жеңіліп қалды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бұл кездесуде 5:0 есебін тіркеді.
Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатында тағы екі боксшымыз өнер көрсетіп, келесі кезеңге шықты. Олар - Валентина Хальзова және Гүлсая Ержан.