Бүгін, 27 ақпан Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл шоудың басты айқасында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2 КО) алғаш рет титул үшін жұдырықтасады,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ боксшы украиналық Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) бірінші ауыр салмақта WBO Asia Pacific белбеуін сарапқа салады.
Бокс кеші 17:00-де басталады. Шоуды SportTimekz пен IFL TV-дің YouTube арналарынан, сондай-ақ, ESPN телеарнасынан тікелей тамашалауға болады.
Бастапқыда Қамшыбек британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасу керек болатын, алайда, жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қарсыласы ауысып кетті.
Еске салайық, Қоңқабаев 91 келіден аса салмақта Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алған. Пандемия салдарынан әуесқой бокс тұралап жатқан сәтте Қамшыбек Қазақстан құрамасынан кәсіпқойда жұдырықтасуға рұқсат алған.