Ауыр салмақтағы қазақ боксшы қарсыласын 12 секундта сұлатты

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Асхат Жантұрсынов (7-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.
Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен бокс кешінде ол грузиялық Мугавил Мусаевпен (3-2, 2 КО) жұдырықтасты. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, алайда қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатты. Нақты айтқанда грузиялықты 12 секундта нокаутқа түсірді.
Осылайша, Жантұрсынов карьерасында жетінші рет жеңіске жетті, ал Мұсаев карьерасында екінші рет жеңілді.
Жарнама