Ауыр салмақтағы қазақ боксшы Джалоловтың ізбасарын таза жеңді
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізді.
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізді.
Жеребе бойынша Айбек жарысты бірден жартылай финалдан бастады.
92 келіден жоғары салмақта оның қарсыласы Джахонгир Зокиров болды. Үш раунд қортындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан қазақ боксшыға берді. Осылай Айбек финалға өтті де, алтынға таласады, ал Зокиров жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Джахонгирді әуесқой бокстан кеткен екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловтың ізбасары деп атайды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасынан 92 келіде өнер көрсететін Сағындык Тоғамбай қытай қарсыласын берілуге мәжбүр етті, сонымен қоса, Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұт Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Дулат Бекбауов (67 кг) финалға өткен болатын.
Ал Ерасыл Жәкпеков (90 кг) 1/2 финалда өзбекстандық Турабек Хабибуллаевтан жеңілді.
Жарнама