Германиялық боксшы жеңіп жатып, жеңістен айырылып қалды.
Польшаның Ченстохов қаласында өткен бокс кешінде жергілікті Никодем Ежевски (21-2-1, 9 КО) мен германиялық Серж Михель (13-2, 9 КО) он раундтық жекпе-жекке шыққан болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алайда жетінші раундта германиялық боксшы көзінің жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Сондықтан жеңіс Ежевскике берілді, дегенмен, айқас тоқтағанға дейін ол төрешілер шешімімен жеңіліп жатқан. Оның үстіне польшалық екінші раундта нокдаунға түскен болатын.
Осылайша, Ежевски карьерасында 22-рет жеңіп отыр, ал Михель үшінші рет жеңілді.