Бокс
11 ақпан 2020 11:57

Ауыр салмақтағы боксшы нокаутпен жеңгенімен "арамдық" жасады деп айыпталды

© boxing247.com
Ауыр салмақтағы британиялық Дэвид Аллен (18-5-2, 15 КО) мен оның қарсыласы келісілген жекпе-жек өткізді деп айыпталуда, - деп хабарлайды vRINGe.com жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.


8 ақпан Шеффилдте өткен бокс кешінде Аллен 35 жастағы отандасы Дориан Дарчты (12-12-1, 1 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірді. Дегенмен бұл жеңіс күмән тудырып отыр. Өйткені жекпе-жекке дейін бірнеше сағат бұрын үшінші рандта нокаут боларына бәс тігу көбейген, осының салдарынан кейбір кеңселер оны желіден алып тастауына тура келген. 

"Бірінші екі раунд спаррингке ұқсас болғанын көпшілік атап өтті, ал үшінші раундта Аллен аяқ-асты белсенді бола бастады да, дәл тимеген бірнеше соққыдан кейін қарсыласын берілуге мәжбүр етті", - деп жазады World Boxing News.

Алленнің өзі келсім болғанын мойындамады. 27 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, 18 рет жеңіске жеткен (15 нокаут), бес рет жеңіліп, екеуінде тең түскен.