Германияның Ной-Ульм қаласындағы бокс кешінде жартылай ауыр салмақта Феликс Штурм (45-6-3, 20 КО) мен Бенджамин Блиндерт (14-2-2, 10 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп жазады Vesti.kz.
Жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, алайда, үшіншісінде Штурм қармсыласын үш рет отырғызып тастағаннан кейін төреші айқасты тоқтатып тастады.
46 жастағы Штурм бұрын орта салмақта жұдырықтасып, WBO, WBA және IBF титулларын иеленген, сонымен қоса, екі рет Германия чемпионы болған.
Бір кездері ол Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсылас болатыны айтылып жүрген еді, алайда, Штурм қазақстандықпен рингте жолығудан бас тартты.