Бокс
8 шілде 2020 09:49
 
Ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық нокаутшы жекпе-жекке шығатын күн белгіленді

  Пікірлер

blog.share

Ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық нокаутшы жекпе-жекке шығатын күн белгіленді Трансляциядан жасалған скрин

Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкийдің (13-0, 12 КО) Германиядағы шілденің басына белгіленген жекпе-жегі шектеулерге байланысты тағы шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, 4 шілдеде өтуі тиіс жекпе-жек 2020 жылдың  30 шілдесіне ауыстырылды. Өтетін орын мен қарсылас кейін белгілі болады. 

31 жастағы қазақстандық 2020 жылды бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, Дубайдағы кездесуде ол 29 жастағы ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) екінші рандта нокаутқа түсірген.

Еске салайық, 2019 жылы қазақстандық боксшы Гамбургте 30 жастағы хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутпен жеңіп, IBO ұйымының құрлық аралық титулын иеленген.

Жарнама

Живи спортом!