Ауыр салмақ чемпионымен! WBC басшысы "Канелоға" қатысты мәлімдеме жасады

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ұйымның ауыр салмақтағы чемпионы Илунга Макабу (28-2, 25 КО) мен міндетті қарсылас Табисо Мчуну (23-5, 13 КО) жекпе-жегінің жеңімпазы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) жұдырықтасатынын растады.

Мұның алдында Макабу - Мчуну кезедсуі 29 желтоқсан АҚШ-та өтетіні хабарланаған.
"Макабу-Мчуну айқасының жеңімпазы "Канеломен" жұдырықтасады. Бірнеше жекпе-жек ұйымдастырылып жатыр, бұл солардың бірі. Макабу мен Мчуну туралы халықаралық бокс қауымдастығы білгені маңызды. Олар Африка мен Ресейде белгілі, "Канеломен" болатын жекпе-жекті қыздыра түсуіміз қажет.
WBC "Канелоны" үнемі қолдайды, ол біздің Франчайзинг чемпионымыз, сондықтан бұл оған кез келген сынға түсуге жол береді. Біздің міндет - оған бөгет болмау", - дейді функционер.
Жарнама