Ұйым басшысы Маурисио Сулейманның сөзінше, боксшы жол апаты кезінде ауыр жарақат алмаған.
Еске салайық, қазан айында Спенс жол апатына түскен, оның "Феррари" көлігі бірнеше рет аунап түскен.
"Эррол қатарымызда екені ғажайып, дәрігерлер оған жұдырықтасуға рұқсат берді. Ол карьерасына бөгет болатындай ауыр жарақат алмады. Ол не істеу мен не істемеу керектің көз алдымыздағы үлгісі болады.
Уақытша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек ұйымдастырудың қажеті жоқ. Спенстің командасымен тілдестік, бұл жол апаты оның карьерасын жалғастыруға бөгет емес", - дейді Сулейман.