"Ауыр, әрі сұрапыл айқас күтемін". Британиялық боксшы Жаңқош Тұраровты қалай жеңетінін айтты
Британиялық боксшы Тайрон Маккенн (21-2-1, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жаңқош Тұраровпен (24-0, 17 КО) жекпе-жек нағыз айқас болатынын айтады.
Британиялық боксшы Тайрон Маккенн (21-2-1, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жаңқош Тұраровпен (24-0, 17 КО) жекпе-жек нағыз айқас болатынын айтады.
Бірінші жартылай орта салмақтағы он раундты жекпе-жек 12 наурыз Дубайда өтеді.
"Нағыз айқас күтемін. Маған ауыр, әрі сұрапыл жекпе-жектер ұнайды. Оны көптен бері бақылап жүрмін және қандай екенін білемін. Ол аса қауіпті боксшы және соққысы да ауыр. Оның рекорды жаман емес, бірақ, рингте бәрі өзіңе байланысты. Мен оның қозғалысын бақылап, әлсіз тұстарын таптым. Соны пайдалануға тырысамын.
Мен жоғары деңгейде жекпе-жектерге де шыққанмын, тәжірибем бар. Ол да маңызды фактор. Ал менің қарсыласым ұзақ уақыт рингке шықпады. Бұл менің анық басымдығым. Өз күшіме сенімдімін", - дейді Маккенн.
Еске салайық, Жаңқош кейінгі рет 2019 жылы Нұр-Сұлтанда жұдырықтасты. Ол кезде аргентиналық Максимилиано Годойды (32-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, титул жеңіп алған. 2020 жылы оның тағы бір титулды айқасы пандемия салдарынан өтпей қалды. Ал Маккенн қыркүйекте WBC International титулы үшін кездесуде отандасы Охара Дэвиске (22-2, 12 КО) төрешілер шешімімен есе жіберді.
Жарнама