Қазақстандық Саматәлі Төлтаев Түркия астанасы Ыстамбұлда өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп жазады Vesti.kz.
Төрт раундтық жекпе-жекте Саматәлінің қарсыласы жергілікті боксшы Рефик Тархан (3-4, 1 КО) болды. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Еске салайық, былтыр әуесқойда өнер көрсетіп жргенінде Саматәлі Төлтаевтың қанынан оралтуринабол анықталып, ол жарыстардан үш жылға шеттелген болатын.
Саматәлі - 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 60 келіде салмақ көрсетіп жүрген Төлтаев 2023 жылы сәуірде құрамадан шығарылып, Ташкентте өткен ӘЧ-ге бара алмай қалды.