Бокс
1 маусым 2020 14:49

"Атыңды тарихта қалдырғың келсе". 20 нокауты бар чемпион "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Сурет: ToFight.Ru
Жартылай ауыр салмақта WBA "регуляр" титулына ие канадалық Жан Паскаль (35-6-1, 20 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (53-1-2, 36 КО) осы дивизион тарихын қайта жазуға шақырды. 

37 жастағы Гаити тумасы Альваресті өзіндегі белбеу қызықтырады деген ойда. 

Былтыр Альварес ресейлік Сергей Ковалевті нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр дивизионда WBO белбеуін жеңіп алған. Дегенмен біраз уақыттан кейін титулдан бас тартты.

"Егер "Канело" тағы да тарихта атын қалдырып, дивизионда екінші титулды иеленгісі келсе, мен дайынмын. Бірақ оның стилі мен менің стилім бір рингте отшашудай болатыны анық", - дейді Паскаль PBC арнасына берген Instagram сұхбатында.