Бокс
Бүгін 12:04
 

Аты шулы чемпионға Әлімханұлымен жұдырықтасуды ұсынды

  Пікірлер

blog.share

Аты шулы чемпионға Әлімханұлымен жұдырықтасуды ұсынды ©Тұрар Қазанғапов

Британиялық боксшы Крис Юбенкке (35-3, 25 KO) жарқын жеңістен кейін орта салмақтағы чемпиондармен жекпе-жек өткізу ұсынылды. Солардың қатарында WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Британиялық боксшы Крис Юбенкке (35-3, 25 KO) жарқын жеңістен кейін орта салмақтағы чемпиондармен жекпе-жек өткізу ұсынылды. Солардың қатарында WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

26 сәуірде Брайтон қаласының тумасы өз отандасы Конор Бенмен (23-1, 14 KO) рингке шықты. 12 раундқа созылған жекпе-жекте Юбенк төрешілер шешімімен жеңіске жетті.


Әлімханұлымен жекпе-жекке шыға ма?

Сарапшылардың пікірінше, IBO титулы бар 35 жастағы Юбенктің карьерасы үш түрлі бағытта өрбуі мүмкін: ол дереу қарымта кездесу өткізеді немесе дивизионның үздік боксшыларымен чемпиондық белбеу үшін айқаса алады.

"Егер Юбенк Бенмен қарымтадан бас тартса, титулдарға талпына алады. Оның дивизиондағы дәрежесі бірнеше мықты айқас өткізуге мүмкіндік береді, мәселен WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек. Сондай-ақ, WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамес те бар, оның да ізіне түсуге болады," – деп жазады 3KINGS BOXING.

Қазіргі таңда Юбенк IBF және WBC рейтингтерінде үшінші орында, ал WBA рейтингінде сегізінші тұр.

Әзірге не Жәнібек Әлімханұлының, не доминиканалық Карлос Адаместің (24-1-1, 18 KO) қарсыласы жоқ. Айта кетейік, Адамес 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1) кездесіп, жекпе-жек тең аяқталған болатын. Осылай Карлос титулын сақтап қалды. 

Қазақстандық боксшы соңғы рет 5 сәуірде Астанада өнер көрсетті. Оның қарсыласы франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-1, 9 KO) болды. Әлімханұлы бұл кездесуді бесінші раундта нокаутпен аяқтады.

Британдықтың даулы оқиғалары

Айта кетейік, Юбенк басы дауға қалып жүрген боксшы. Мысалы, ол құмар ойындарды, әсіресе покерді жақсы көреді. Осы әуестігі салдарынан футбол әлемінің жұлдызы - Неймарға 4 миллион фунт қарыз болып қалғаны мәлім.

Сонымен қатар, Бенмен жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында Юбенк қарсыласының бетіне жұмыртқа жарып. Мұның арты төбелеске ұласып, нәтижесінде Британияның боксты бақылау кеңесі оған 100 мың фунт көлемінде айыппұл салды.

Оған қоса, жекпе-жекке бір күн қалғанда Юбенк салмағын түсіре алмай, орта салмақ лимитінен 90 грамм артық болғаны үшін тағы 500 мың доллар айыппұл төлеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!